«Астана» ірі есеппен жеңіске жетті

 «Астана» ірі есеппен жеңіске жетті

ҚПЛ-дің  15-ші туры аясында «Астана» өз алаңында «Атыраудан» басым түсті.

Бұл ойынның сөзсіз фавориті ойынды өз уысынан шығарғысы келмеді. Бірінші минуттардан «Астана» басымдықты өз қолына алды. Ойынның 23-ші минутында Кабананга кері қайтқан допты қақпада тулатты. Есеп – 1:0. Бірінші таймда есеп өзгермеді.

Екінші тайм да шабуылға толы өтті. Алаң иелері белсенді болып, қарқынын үдете түсті. Қонақтар есеп айырмасын қысқарту үшін барын салып бақты. 52-ші минутта атыраулықтар өз айып алаңында ереже бұзып, Граховац пенальтиден есепті еселей түсті. 66-шы минутта Твумаси гол соғып, қонақтардың жігерін құм етті. Ал 73-ші минутта Кабананга дубль жасап, есепті 4:0-ге жеткізді. Астаналықтар кезекті үш ұпайын еншіледі.

ҚПЛ. 15-ші тур

«Астана» - «Атырау» - 4:0

Голдар: Кабананга 23, 73; Граховац 52 (пенальтиден); Твумаси 66

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или