«Ордабасы» «Таразды» ұтты

«Ордабасы» «Таразды» ұтты

ҚПЛ-ның 15-ші тур аясында шымкенттік «Ордабасы» клубы өз алаңында «Таразды» қабылдады. Оңтүстікқазақстандық дербиде шымкенттік команда фаворит статусын дәлелдеді.

Бірінші таймның бесінші минутында Еркебұлан Тұңғышбаев алаң қожайындарын алға шығарса, артынан сегіз минут сала Азат Нұрғалиев есепті еселеді.

Екінші таймда қос команда шабуылдрын бәсеңдетіп, ойынды «өлтіре» бастады. Нәтижесінде, шымкенттік ұжым Гогуаның көмегімен кездесудегі үшінші тобын соғып, жеңісті бекітті.

«Ордабасы» - «Тараз» 3:0 (2:0)

«Ордабасы»: Бекбаев, Диакате, Бочаров, Ковальчук, Фонтанелло, Нөсербаев, Нұрғалиев, Смаков, Ерланов,Төлебек, Тұңғышбаев.

«Тараз»: Бабаханов, Диара, Шипицин, Горбанец, Морис, Миюшкович, Шадамнов, Занутдинов, Амирханов, Таубай, Кожамберды.

 Голдар: Тұңғышбаев (5), Нөсербаев (13), Гогуа (86)

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или