«Тобыл» мен «Қайсар» тең түсті
ҚПЛ-дің 15-ші туры аясында «Тобыл» өз алаңында «Қайсарды» қабылдады.
Бірінші минуттардан «Тобыл» басымдықты өз қолына алды. Жарынбетов пен Щеткин ұйымдастырған шабуылды Деспотович аяғына дейін жеткізе алмады. Қостанайлық клубтың шабуылшысы қарсылас қақпасына бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырған. Бірақ доп қақпаға дарымады. Ал 20-шы минуттарда Щеткин бұрыштама кезінде өз қақпасына гол соғып ала жаздады. 37-ші минутта қонақтардың сапында Мақсат Байжанов қауіпті айып добын орындаған болатын. Бірақ Непогодов қақпасын аман сақтап қала алды.
Екінші тайм да шабуылға толы өтті. Бірақ есеп ашыла қоймады. «Тобыл» сапынан Щеткин мен Деспотович белсенді болып, қарсылас қақпасына бірнеше соққы бағыттаған. Бірақ алаң иелері гол соға алмады. Қызылордалықтар Непогодов қақпасын қыспаққа алып көрді. Бірақ қостанайлықтардың қорғанысы мығым болып, орайы келсе қарымта шабуыл да ұйымдастырды. Қорытынды есеп - 0:0. Екі ұжым бір ұпайдан еншіледі.
ҚПЛ. 15-ші тур. Қостанай
«Тобыл» - «Қайсар» - 0:0
«Тобыл»:<span> </span>Непогодов, Деспотович, Жулпа, Кассай, Савич, Джалилов, Дмитренко, Хакупов, Жарынбетов, Мухутдинов, Щеткин.
«Қайсар»:<span> </span>Григоренко, Аржанов, Граф, Камара, Курьор, Ламанж, Нтибазонкиза, Байжанов, Евстигнеев, Коробкин, Жақаев.