«Ювентус» Шчесныды 16 миллион еуроға сатып алды

«Ювентус» Шчесныды 16 миллион еуроға сатып алды

Польша құрамасының қақпашысы Войчех Шчесны мансабын «Ювентуста» жалғастыруы мүмкін.

Туриндік клуб «Арсеналмен» келіссөз жүргізіп, голкиперді 16 миллион еуроға сатып алды. Шчесны «Ювентуспен» төрт жылдық келісім-шартқа отырды. Жылдық табысы – 4 миллион еуро.

«Ювентусқа» ауысу үшін Шчесны «Наполидің» ұсынысынан бас тартты.

Айта кетейік, польшалық қақпашы соңғы екі маусымда «Ромаға» жалға берілген болатын. Алайда римдік команда оны сатып алудан бас тартты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или