Компани ұлттық құрамадағы мансабын 2018-ші ӘЧ-нан кейін аяқтайды
Бельгия құрамасының капитаны Венсен Компани ұлттық құрамадағы мансабын 2018-ші жылы Ресей жерінде өтетін Әлем чемпионатынан кейін аяқтауы мүмкін екенін айтты.
«Ресей жеріндегі Әлем чемпионаты маңызды мотивация, алға қойған мақсатымыз. Әлем чемпионатының әсерін алғым келеді. Сосын? Мүмкін ұлттық құрамадағы мансабымды аяқтайтын болармын», - дейді Компани.
Бельгия ұлттық құрамасында Венсан 2004-ші жылдан бері ойнап келеді. Ресейдегі Әлем чемпионатына іріктеу аясында Бельгия құрамасы бес ойын өткізіп Н тобында біріншіорында келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или