Гарет Бэйл: Кардиффтегі финал – мен үшін аса маңызды
«Реалдың» шабуылшысы Гарет Бэйл Чемпиондар лигасының финалында өз командасына көмектесуге дайын екенін айтты.
«Кардиффтегі финал – мен үшін аса маңызды. Себебі бұл менің туған қалам. Чемпиондар лигасының финалында ойнау менің арманым болатын. Бірақ мұндай кездесу Кардиффте өтеді деп ешқашан ойлаған емеспін. 7-8 апта жасыл алаңға шықпадым, әлі толық бабында емеспін. Алайда бас бапкер негізгі құрамға қойса – ойнауға дайынмын», — деді Бэйл SBS TV арнасына.
Естеріңізге сала кетсек, Чемпиондар лигасының финалында «Реал» туриндік «Ювентуспен» кездеседі. Аталмыш матч 3-ші маусым күні өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или