«Лион» - әйелдер арасында Чемпиондар лигасының жеңімпазы. ВИДЕО

«Лион» - әйелдер арасында Чемпиондар лигасының жеңімпазы. ВИДЕО

Футболдан әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының финалында қос франциялық команда күш сынасты.

Кардиффте Франция мен Чемпиондар лигасының қазіргі чемпионы «Лион» қазақстандық БИІК-ті жарыс жолынан шығарған ПСЖ-мен кездесті. Тартысты өрбіген кездесудің негізгі уақытында есеп ашылмады. Осылайша, жеңімпаз тек пенальти сериясында анықталды. Шешуші сәтте ПСЖ-ның қақпашысы Катажина Кетжинек он бір метрлік соққыдан мүлт кетті. «Лионның» голкипері Сара Буадди болса өз мүмкіндігін ұтымды пайдаланып, командасына жеңіс сыйлады.

Осылайша, «Лион» пенальти сериясында 7:6 есебімен жеңіске жетіп, қатарынан екінші жыл Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды.   <br />

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или