Хави: Чемпиондар лигасының финалында фаворит жоқ

Хави: Чемпиондар лигасының финалында фаворит жоқ

«Барселона» клубының бұрынғы ойыншысы Хави Чемпиондар лигасының финалында «Ювентусқа» жанкүйер болатындығын айтты.

«Буффонның Чемпиондар лигасында жеңіске жеткендігін көргім келеді. Бұл оның спорттық мансабындағы үлкен жеңіс болар еді. Бұл ойында фаворит жоқ. Қос команданың мүмкіндігі 50 де 50. «Ювентус» соңғы жылдары керемет ойнап жүр. Алайда, «Реал» да осал емес. Бұл үлкен финал болады», - дейді Хави.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или