Яя Туре «Манчестер Ситимен» келісімін ұзартты

Яя Туре  «Манчестер Ситимен»  келісімін ұзартты

«Манчестер Сити» ойыншысы Яя Туре командамен келісімін ұзартты.  34 жасар ойыншы клубпен тағы бір жыл келісім жасасты.

Командаға Хосеп Гвардиола келгелі бері Туре клубтағы негізгі құрам ойыншысы болудан қалған. Уақыт өте келе Туре бапкер сеніміне кіріп алаңға алғашқы минуттан шыға бастады. Биылғы маусымда АПЛ-дың 25 ойынына қатысып бес гол соқты.

Яя Туре «Манчестер Сити» командасында 2010-шы жылдан бері ойнап келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или