Кахабер Цхададзе: «Астананы» осындай есеппен жеңу оңай емес

Кахабер Цхададзе: «Астананы» осындай есеппен жеңу оңай емес

 «Қайраттың» бас бапкері «Астанаға» қарсы матч жайлы ойын айтты.

- Жігіттерді құттықтаймын, өз мақсатымызға тамаша қол жеткіздік. Өте маңызды ойын болды, біз көп жұмыс атқарып, бәрін тамаша орындадық. Әрине, «Астананы» осындай есеппен жеңу оңай емес. Біздің басты ұтысымыз – жоғары қысым жасауымызда. Мұндай қысым үшін көп күш қажет секілді көрінеді. Оның үстіне, күнтізбе кестесі де тығыз, «Астамен» ойнап жатырмыз. Бірақ жігіттер жарады, бәрін дұрыс орындады. Оларға үлкен алғыс айтамын. Осыған масайрап кетуге болады. Бұл ойынды ұмытуымыз керек, себебі маусым ұзақ. Осы жеңіспен чемпионат қызығын қайта жаңғырттық. Бәрі алда, тез қалпымызға келуіміз керек. Футбол осындай: бүгін біз патшамыз, ертең кішкентай қате жіберіп қойсаң, үлкен мәселелер болады. Ең маңыздысы – 3 маусымда қалай ойнау керегін ойлану қажет.

- Біз өз айып алаңымызда екінші қабатта жеңіліп жаттық. Бұл сізді алаңдатпай ма? Жарко қанша уақытқа жарақаттанды?

- Екінші қабаттағы доптарға келер болсақ, «Астана» матчтың осылай өрбитініне дайындалды. Сондықтан, маусымда алғаш рет өз жүйесін өзгертті. Біз де соған дайындалдық. Олар үш орталық қорғаушымен ойнайды деп ойлағанмын, себебі оларға бүгін жеңілмеу маңызды болды.

Біз көптен бері орталық қорғаушысыз ойнап келеміз. Сесар ғана соңына таман шықты. Келесі ойында ол толық дайын болады деп үміттенемін. Жаркоға келер болсақ, жақын арада жауабын аламыз. Біз оны Италияға жібергенбіз және ертең жарақатының қаншалықты қауіпті екенін білеміз. Ол басқалары секілді «Қайрат» үшін маңызды футболшы.

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или