«Бірінші лига мен Премьер-лига клубтарынан ұсыныс түсті»

«Бірінші лига мен Премьер-лига клубтарынан ұсыныс түсті»

Қазақстан Премьер-лигасында мансабын аяқтаса да, футболды тастамаған ойыншылар бар.

Солардың бірі – Сергей Остапенко. Форвард бүгінде Алматыдағы әуесқойлар лигасында «Adver So» командасында ойнап жүр. Бұл клуб Остапенкодан бөлек, Вадим Боровский, Максим Шевченко, Сергей Куцов сынды футбол жұлдыздарын қатарына қосып, С1 лигасын уақытынан бұрын жеңіп алған.

«Астана» мен Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы Сергей Остапенко Prosports.kz-ке әуесқой футболдағы мансабы туралы қысқаша айтып өтті.

- Әуесқой лигада ойнап жүргеніме екі жыл болды. Өз қалпымды сақтап қалғым келеді, өзімді жақсы сезінемін. Кәсіпқой футболға оралғым келмейді, бірақ ұсыныстар түсіп тұрады. Бірінші лига мен премьер-лига командалары хабарласқан болатын, - дейді Остапенко.

Айта кетейік, 31 жастағы Сергей Остапенко кәсіпқой футболда «Алма-Ата», «Тобыл», «Ақтөбе», «Локомотив», «Жетісу», «Астана» және «Қайсар» клубтарында ойнаған еді. Сондай-ақ, Бельгияның «Антверпен» клубында да өнер көрсетті, алайда бір матч та өткізген жоқ.

Ал Қазақстан құрамасы сапында 42 матчта алаңға шығып, 6 гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или