Қақпашы алаң ортасынан гол жіберіп, таксимен кетіп қалды. Видео
«Фигейренсенің» 38 жастағы бразилиялық қақпашысы Фабио Гонсалвес «Боаға» қарсы ойында сәтсіз өнер көрсетіп, екі гол жіберіп алғаны үшін үзіліс кезінде стадионнан кетіп қалды.
Голкипер алғашқы сәтте қақпасынан шығып кетіп, алаң ортасынан гол жіберіп алған. Кейін бірінші таймға қосылған қосымша уақытта тағы да допты өз қақпасынан алып шығуға мәжбүр болды.
Бірінші таймда екі гол жіберіп алған голкипер үзіліс кезінде стадионнан шығып, таксимен кетіп қалған. Сөйтіп, матчқа қайта оралмады. «Фигейренсе» Фабио Гонсалвес командада енді ойнамайтынын хабарлады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или