Станимир Стойлов: Өз мүмкіндігімізді пайдалана алмадық

Станимир Стойлов: Өз мүмкіндігімізді пайдалана алмадық

 «Астананың» бас бапкері «Қайратқа» қарсы ойын жайлы пікірін айтты:

- «Қайратты» жеңісімен құттықтаймын. Бүгін ауыр ойын болды. Біз жақсы бастадық, кейін гол жіберіп алдық. «Қайрат» алғашқы мүмкіндігін-ақ пайдалана алды. Оңай қателер жібердік, өз-өзімізге гол соқтық, ал өзіміз жасаған мүмкіндіктерді пайдаланбадық. Осындай ойында тәжірибелі ойыншыларымыз осындай қателіктер жіберсе – жеңіске үміттенудің де керегі жоқ. Біз өз мүмкіндігімізді пайдалана алмадық, ал «Қайрат» пайдаланды. Бұрыннан келе жатқан мәселеміз осы, шабуыл шебінде қиындықтар бар.

- Матчтың қай сәті шешуші болды?

- Үшінші голдан кейін деп ойлаймын. Ойыншылар екінші рет солай қателесті, оңай қателер кетті. Суперкубокта да сондай болған еді. 0:0 кезінде біз өз мүмкіндігімізді пайдалана алмадық. Бұл ескі мәселеміз. Шабуыл шебіндегі футболшылармен ойын туралы ойласуымыз керек, қорғаушылар да толық дайын болмады. Бізге осындай голдар соғылған кезде артық әңгіменің де керегі жоқ. Бұл жөнінде дұрыстап сөйлесеміз. Себебі жақын арада Чемпиондар лигасындағы өнеріміз басталады. Тәжірибелі ойыншыларымыз жекелей қателіктер жіберді, доп бізде болса да, шабуылда ештеңе шықпады.

- Ллуллаку ойынға ене алмады ма?

- Ол ұзақ уақыт бойы өз мүмкіндіктерін пайдалана алмай жүр. Оған уақыт керек, қазір қолдасақ, одан да жақсы ойнайды. Бірақ ол «Астанада» бәрінің жоғары деңгейге ойнау керегін білуі тиіс. Егер ойыншылар оянбаса, құрамды күшейтеміз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или