Димитар Димитров: Мен өз командама ризамын
Павлодарлық «Ертіс» клубының бас бапкері Димитар Димитров шымкенттік «Ордабасыға» қарсы өткен ойын жайлы пікірін білдірді. Бұл туралы «Ертіс» ФК-ның баспасөз қызметі жазды.
Бұл кездесуде павлодарлықтар 0:1 есебімен жеңіске жетті.

— «Ордабасы» — жақсы футболшылардан таңдалып құралған мықты команда, оларға қарсыласу үнемі қиын. Бірінші таймда біз жақсы бастап, ойынды бақылауға алдық, сенімді қимылдадық. Екінші таймда гол соқтық. Бұдан кейін алаң иелері көтеріле бастады, дегенмен аса қауіпті сәттері болмады. Біздің жігіттер қорғаныста өте жинақы әрі сауатты өнер көрсетті. Мен өз командама ризамын. Меніңше, бұл лайықты жеңіс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или