Қазақстан – Дания матчын екі телеарна көрсетеді
«Қазақстан» мен «Kazsport» телеарналары футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі Қазақстан – Дания матчын тікелей эфирде көрсетеді. Бұл туралы спорт телеарнасының ресми сайты мәлім етті.
Кездесу 10 маусым күні Алматы қаласының Орталық стадионында өтеді.
Айта кетейік, бұл ойын Қазақстан Ұлттық құрамасы үшін ӘЧ-2018 Іріктеу кезеңіндегі үшінші матч болмақ. Алғашқы Польша мен Румыния командаларына қарсы өткен екі матч тең есеппен аяқталған болатын.
Трансляцияның басталуы сағат<span> </span>21:55-те.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или