Дмитрий Шомко: «Қайрат» әділетті жеңді

Дмитрий Шомко: «Қайрат» әділетті жеңді

«Астананың» қорғаушысы Дмитрий Шомко «Қайратқа» қарсы ойыннан кейін Prosports.kz порталының тілшісіне шағын сұхбат берді.

- «Қайратқа» қарсы матч қаншалықты маңызды болды?

- Жақсы ойын болды. Жанкүйерлерге ұнады деп ойлаймын. Өзім осы ойыннан ләззат алдым. Көп мүмкіндік ұйымдастырған едік. Бірақ «Қайрат» әділетті жеңді деп ойлаймын және осы жеңіспен құттықтаймын. Маңыздысы, «Қайраттан» әлі де болса, ұзап тұрмыз.

- «Астана» сапында Марин Аничич, «Қайраттан» Жарко Маркович жарақаттанған. Сесар Арзоның да ойнар-ойнамасы белгісіз болды. Матч алдында осыған көңіл бөлінді ме?

- Әрине, бапкер бұл жөнінде айтты. Бүгін Ян Ворговский оң қапталдағы қорғаушы позициясында ойнады. Бірақ, бізден Аничич бүгін алаңға шыға алды. Жарақатына қарамастан, матчты толық өткізді. Тек шабуылда көп нәрсе біз ойлағандай болмады. Бірақ осы мәселе бойынша жұмыс істейміз.

- Қақпада Александр Мокин тұрып жүр. Демек, ол Ненад Эричтің орнын толық басып алды ма?

- Қақпаны кімге сеніп тапсыруды бапкер шешеді. Әрине, қақпашының өзін кінәлаудың қажеті жоқ, жеңілген – тұтас команда. Жауапкершілік те бүкіл командада болады. Футболшылар да, бапкерлік штаб та бүгін ойдағыдай нәтиже көрсетпеді.

- Жеңіліске не себеп болды деп ойлайсыз?

- Мүмкін екі-үш күн сайын ойнағанымыздан шығар. Жасанды алаңнан табиғи көгалға ауыстық. Бірақ бұл сылтау емес. 3:0 есебімен жеңілдік, бұл әділетті болды. Біз де голға лайықты болған шығармыз. Бірақ мұның бәрі тарих болып қалады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или