«Қайрат» «Астананы» тас-талқан етті

«Қайрат» «Астананы» тас-талқан етті

Бүгін футболдан Қазақстан чемпионатының 20-шы турында «Қайрат» өз алаңында «Астананы» қабылдады.

Алматының Орталық стадионында өрбіген ойын алаң қожайындарының басым жеңісімен аяқталды. Кахабер Цхададзенің шәкірттері елордалық клубтың қақпасына үш жауапсыз гол соғып, маңызды жеңіске қол жеткізді. Алдымен, Андрей Аршавин матчтың 22-ші минутында әдемі соққымен таблода есеп ашса, кейін екінші таймда Юрий Логвиненко Исламханның соққысынан кейін байқаусыздан өз қақпасына гол соғып жіберді. Артынша, кездесудің 76-шы минутында Аршавинді алмастырған Иво Иличевич нәтижені қорытындылады.

«Қайрат» - «Астана»  3:0 (1:0)

Голдар: Аршавин 22, Иличевич 76 – Логвиненко (автогол) 61

«Қайрат»: Покатилов, Элек, Суюмбаев, Ахметов, Вороговский, Куат, Бакаев, Исламхан (к) (Арзо 87), Аршавин (Иличевич 70), Исаэль (Жуков 90), Гоу

Қосалқы құрам: Плотников, Рудосельский, Қуантаев, Арзо, Тұрысбек, Балтабаев, Иличевич, Анене, Жуков

«Астана»: Мокин, Шомко (к), Логвиненко (Бейсебеков 79), Постников, Аничич, Шитов, Граховац (Твумаси 84), Маевский, Ллуллаку (Мұртазаев 45), Кабананга, Мужиков

Қосалқы құрам: Эрич, Мұртазаев, Бейсебеков, Жалмұқан, Твумаси

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или