Мұрат Тлешев – «Шахтердің» жаңа директоры
Қарағандылық «Шахтердің» спорт директоры қызметіне Мұрат Тлешев тағайындалды.
Бұл туралы «кеншілердің» баспасөз-қызметі хабарлаған.
Жамбыл футбол мектебінің түлегі кәсіби карьерасында «Тараз», «Жеңіс», «Астана», «Ордабасы», «Ертіс», «Жетісу», «Атырау», «Ақтөбе» сияқты командаларда ойнаған.
Сондай-ақ, Мұрат 2000-02 жылдары «Шахтер» сапында доп тепті.
Тлешев бес дүркін Қазақстан чемпионы. Үш рет ел чемпионатының үздік бомбардирі атанған.
Айта кетер жайт, кеше қарағандылық ұжымның директоры Әбілдаев пен бас бапкер Еременко қызметтен кетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или