Чиншанлоның оралуы

Чиншанлоның оралуы

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері  Юрий Мельников рrosports.kz-ке берген сұхбатында Зульфия Чиншанло мен Светлана Подобедованың шеттетілуі жайлы және жаңа салмақ дәрежесі жайлы пікір білдірді. 

- Юрий, Зульфия Чиншанлоның үлкен спортқа оралу мерзімі анықталды...

- Иә. Ол спортқа 2018 жылдың 10-ші маусымында ресми түрде оралады. Бұл - жақсы жаңалық. Енді біз оның жаттығуын дұрыс ретке қоя аламыз. 

- Бұл жаңалықты Зульфия қалай қабылдады?

- Ол қуанды және өз салмағындағы ең мықты спортшы екенін дәлелдеуде асық. Зульфияны біле тұра, оның Токио Олимпиадасындағы алтын медаль үшін барын салатынына сенімдімін. Спорттық бабына келсек, әрине қазір ол командамен бірге жаттықпады. Бірақ бабына келуге бір жылдай уақыт бар. Келесі жылы Азия ойындары мен лицензиялық әлем чемпионатына қатысамыз.

- Светлана Подобедова спортшы мансабын аяқтай ма?..

- Әрине. Оның оралуы 2024 жылға белгіленген. Бұл өте көп уақыт. Сонымен қатар қазір оның аяғы ауыр. 

- Ол Қазақстанда қызмет етуін жалғастыра ма?

- Әрине. Бұл жер - оның нағыз үйі. Отандық ауыр атлетика үшін қызмет етеді. Біздің бапкерлер штабына кіруі тиіс. 

05980efe6548f9b51aaab081588901f1.jpg

- Қазір команда немен айналысуда?

- Қазір ұлттық құрама Шымкентте жаттығу жасап жатыр. Біз бұл жерде жаңа зал аштық. 6-шы маусымға дейін осында боламыз. Содан кейін Текеліге жол тартамыз. Осы жылы біз жазғы Универсиада, әлем чемпионатына қатысамыз. Сонымен қатар, қыркүйекте жабық алаңдарда өтетін Азия ойындары бар. Ол жерге біз жастарды апарамыз. Бірінші нөмірлі спортшылар әлем чемпионатына дайындалады.

- Надежда Ноғай жайлы сұрағым келеді... Қазір ол қайда жүр, жарақат алды ма?

- Иә. Соңғы кездерде ол жиі жарақат алып жүр. Өз қалпына келгеннен кейін оны 90 келі салмаққа ауыстырамыз. Бұрын ол +75 келіде өнер көрсеткен еді. Жаңа салмақ дәрежесі Надежда үшін шығарылған десек болады. 90 келі - әлсіз категория. Жақында болған Еуропа мен Азия чемпионаттарында бұл жерде әлсіз нәтижелер көрсетілді. Осы салмақта медальға үміт артуға болады. 

- Алдағы әлем чемпионаты жайлы айтып өтсеңіз...

- Иә. Анахаймда өтетін әлем чемпионатында Олимпиадаға жолдама бермесе де, біз ол жаққа мықты команда апаруды жоспарлап отырмыз. Бірнеше спортшымыз қайта қалпына келуі тиіс. Мысалы, Арли Чонтей 56 келіде сайысқа түседі. Біз оның техникасын өзгерттік. Жаттығу процессіне өзгеріс енгіздік. Енді ол нәтиже беруі тиіс. Сонымен қатар Қазақстан құрамасының атынан Түсіпбеков Жанат Рашидұлын Халықаралы ауыр атлетика Федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалуымен құттықтаймын.Тек отандық спорт үшін ғана емес, әлемдік ауыр атлетикаға нәтижелі қызмет атқарады деп сенемін. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или