Вальверде – «Барселонаның» жаңа бас бапкері

Вальверде – «Барселонаның» жаңа бас бапкері

Каталондық команда ресми түрде жаңа бас бапкердің есімін жариялады.

Бильбаолық «Атлетиктің» бұрынғы бас жаттықтырушысы Эрнесто Вальверде Луис Энрикенің орнын басты.

53 жастағы испаниялық маман «Блаугранаспен» екі жылдық келісімшартқа қол қойды.

- Вальверде өте тәжірибелі әрі талантты бапкер. Ол футболды қатты сүйеді. Эрнесто «Барселонаға» пайдасын тигізетініне сенімдіміз, - деді каталондық клубтың президенті Хосеп Бартомеу.

Естеріңізге сала кетсек, Вальверде 1988-90 жылдар аралығында «Барселонаның» намысын қорғаған болатын.

Бапкерлік мансабында Эрнесто «Атлетик», «Эспаньол», «Вильярреал», «Валенсия» және «Олимпиакос» сынды командаларды жаттықтырған.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или