Максимович «Астана» сапында неліктен ойнамай жүргенін түсіндірді

Максимович «Астана» сапында неліктен ойнамай жүргенін түсіндірді

«Астананың» сербиялық жартылай қорғаушысы Неманья Максимович алаңға неліктен шықпай жүргенін айтты. <br /><br /> «Сербия жастар құрамасына шақырту алғаныма қуаныштымын. Бас бапкердің үмітін ақтауға тырысамын. Қыста «Валенсияға» ауыса алмағаным үшін алаңға шықпай жүрмін. Өкінішке қарай, екі жақ келісімге келе алмады. Бұл уақыт аралығында тек екі ойынға ғана қатыстым. Біреуі – ұлттық құрамада. Соған қарамастан мен үнемі жаттығудамын. Физикалық тұрғыда өзімді жақсы сезінемін. Футболды сағындым. Енді бар ойым алдағы уақытта өтетін Еуропа чемпионатында», - деді сербиялық футболшы SportskaCentrala  басылымына.

Естеріңізге сала кетсек, Неманья Сербия жастар құрамасы сапында Еуропа чемпионатында бақ сынайды.

Айта кетер жайт, Максимович «Астанамен» келісімі аяқталуына жарты жыл қалғанда испаниялық «Валенсиямен» төрт жылдық келісімшартқа отырды. Сол себепті сербиялық футболшы елордалық клуб сапында жасыл алаңға шықпай жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или