Георгий Жуков: Қорғаныста қате жібердім
«Қайрат» клубының жартылай қоғаушысы Георгий Жуков Prosports.kz тілішсіне «Қайсарға» қарсы ойында неге ауыстырылғанын және алдағы Дания құрамасына қарсы кездесу туралы айтып берді.
- Георгий, «Қайсармен» болған ойын жайлы айтып берсең...
- Ойын қиынға түсті. Қалай жеңіске жеткеніміз маңызды емес, бастысы үш ұпай еншіледік.
- Өз өнеріне қандай баға бересің?
- Допқа иелік етуде жақсы ойнадым. Бапкер маған қорғаныста бір-екі қате жібердің деді. Сондықтан матч барысында өз орнымды басқа ойыншыға босаттым.
- Қазіргі таңда бапкер саған алаңда көп уақыт беруде, бабыңа келдің бе?
- Ия, біздің күнтізбеде ойындар көп. Сондықтан әр ойыншыға мүмкіншілік берілетінін білгенмін. Жекешелей келгенде, соңғы кезде өзім көп ойнаудамын. Ол мені сөзсіз қуантуда.
- Бүгінгі күнге дейін сен тек кубоктық ойында ғана гол соқтың. Ол жайлы не айта аласың?
- Әрине көбірек көзге түссем жақсы болар еді. Алайда «Қайрат» менің голдарымсыз ақ нәтижелі ойын көрсетуде. Қазір кім гол соғатыны маңызды емес, бастысы - нәтиже. Өзіме келсем, үнемі бағананы биік көтеруге тырысамын, алыстан соққы жасау және нәтижелі пас беру көрсекткішін көбейтпекпін.
- «Астанамен» кездесу жайлы не ойлайсың?
- Алдағы кездесу негізгі ойындардың бірі екені айдан анық. «Астана» бізден жоғары тұр. Ұпай айырмашылығын қысқартуға керемет мүмкіншілік туындап тұр.
- Сен ұлттық құрамаға шақырту алдың. Дания командасымен кездесу жайлы не ойлайсың?
- Меніңше, біз тек жеңіске ойнауымыз қажет. Тең есеп бізге түкте алып келмейді. Жанкүйерлерді шын жүректен қуантқым келеді. Біз қатты тырысуымыз керек. Ол біздің кейін өркендеп өсуіміз үшін қажет.
Сұхбат алған: Әлібек Қабенов
Фото: «Қайрат» ФК