«Шахтёр» клубының директоры мен бас бапкері қызметінен босатылды
Қарағандылық «Шахтёр» клубының директоры Асқар Әбілдаев пен команданың бас бапкері Алексей Еременко қызметінен босатылды, деп хабарлайдыды қазақстандық басылымдар.
Қарағандылық клуб 14-ші турдан кейін Премьер-лигада соңғы орында келеді. Ресей маманы Алексей Еременко өткен жылы тамызда «Шахтёрдің» тізгінін ұстап, «кеншілердің» Премьер-лигада қалуын қамтамасыз еткен.
Асқар Әбілдаев болса, 2016 жылғы ақпанда «Шахтер» басшысы болып қайта тағайындалған.
Айта кететін жайт, Алексей Еременко осы маусымда қызметінен босатылған Премьер-лигадағы төртінші бас бапкер.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или