Португалия Кубогының финалында «жасыл гоблин» пайда болды
Португалия Кубогының финалында допты дрон мінген адам әуемен жеткізді.
Бұл жайлы РИА Новости хабарлады. Әлеуметтік желідегі қолданушылар осы жағдайға таң қалды.
«Португалия Кубогы финалдық кездесуінде ерекше жағдай болды. Болашақ осы жерде», - деп жазды футболға арналған Copa90 ұйымы. Біреулер видеодағы кейіпкерді Marvel жұлдызы - Жасыл гоблинге ұқсатты. «Біз есінен ауысқан Жасыл гоблиннан бір қадам жерде тұрмыз», - деді Мэтт Гилберт есімді қолданушы Twitter желісінде.
Айта кетейік, финалда «Бенфика» мен «Витория Гимарайнш» командалары кездесіп, 2:1 есебімен лиссабондық клуб жеңіске жеткен еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или