Жаңа оқу жылында мектептерде шахматтан арнайы пән енгізіледі

Жаңа оқу жылында мектептерде шахматтан арнайы пән енгізіледі

Мектепте шахмат пәні пайда болады, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Биылғы жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап пилоттық жоба аясында жұмыс істейтін педагогтар мен психологтар 29-шы мамырдан бастап Алматыда білімдерін жетілдірмек.

Жаңа бағдарлама академик Шахмардан Есенов атындағы ғылым-білім қорының және Қазақстан шахмат Федерациясының бастамасымен Алматы, Қызылорда, Павлодар мектептерінде енгізілмек. Жобаға 1500 оқушы тартылады.

2017 жылдың 1-ші қыркүйегінен Алматы, Қызылорда, Павлодар мектептеріндегі 18 мектептің сабақ кестесіне «Шахмат» пәні енгізіледі. Жобаның демеушісі академик Шахмардан Есенов атындағы ғылым-білім қоры. Бұл ұйым арнайы кластарды жабдықтайды: әр мектеп 20 шахмат тақтасы мен фигураларын, таныстырылым тақтасын, проектор мен экран, ноутбук, дыбыс күшейткіш, сондай-ақ, «Мектептегі шахмат» оқулығын, жұмыс дәптерлерін, мұғалімдерге арналған методикалық кітапшаларды алады.

«Бағдарлама бойынша оқыту аптасына 1 рет аталған мектептердің 2-сыныптары үшін жүргізіледі. Пилоттық жобадағы олардың саны 42. Оқулықтар кешенін біз мемлекеттік және орыс тілінде жасадық. Олардың авторлары – белгілі қазақстандық шахматшылар Флюра Хасанова мен Гүлмира Дәулетова», – деді аталмыш қордың атқарушы директоры Айғаным Мәлішева.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или