Франческо Тотти «Рома» сапындағы соңғы кездесуін өткізді

Франческо Тотти «Рома» сапындағы соңғы кездесуін өткізді

Римдік ұжым А Серияның соңғы турында «Дженоаны» ұтып, екінші орынмен Чемпиондар лигасына тікелей жолдама алды.

Римде өрбіген ойын 3:2 есебімен алаң қожайындарының пайдасына шешілді. «Рома» сапында Эдин Джеко, Даниэле Де Росси мен Диего Перотти гол соқты. «Дженоада» Пьетро Пеллегри мен Дарко Лазович көзге түсті.

Айта кетер жайт, бұл Франческо Тоттидің римдік ұжым сапындағы соңғы матчы болды.

Осылайша, «Рома» 87 ұпай жинап, Италия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

bb77117a6070b6f71358f344c37a0afd.jpg

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или