Райола Ибрагимовичтің МЮ-де қалу-қалмауы туралы

Райола Ибрагимовичтің МЮ-де қалу-қалмауы туралы

«Манчестер Юнайтедтің» шабуылшысы Златан Ибрагимовичтің агенті Мино Райола швециялық футболшының мансабын қай командада жалғастыратынын білмейтінін айтты. 

Естеріңізге сала кетсек, 35 жастағы футболшының келесі айда манчестерлік клубпен келісімшарты аяқталады. <br /><br />«Ибрагимович «Манчестер Юнайтедте» қала ма? Білмеймін. Бұл туралы онымен жақын арада сөйлесеміз. Златанға көп командалар қызығушылық танытуда. Ол әлі де кем дегенде екі жыл жоғары деңгейде ойнай алады. Мен білетінім - ол Еуропада қалады. Ибра ешқандай MLS-ке ауыспайды», — деді Райола Sky Sport арнасына.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или