Найман: Допинг қолданбағандар маған қарсы 3 раунд да шыдамайды
Ережесіз жекпе-жек спортшысы Қуат «Найман» Хамитовтың айтуынша, оның қарсыластары допинг қолданады.
«Құрметті, Камиль Гаджиев пен FIGHT NIGHTS GLOBAL. Өтінемін, бұл жекпе-жекті жыл соңына дейін, 16 желтоқсанда өз елімнің мерекесінде Мәскеуде өткіңіздерші! Осылай жасайық! Бірдей жағдайда ұйымдастырайық. Химия араласқан нақұрыстармен жұдырықтасып жалықтым. Допинг тест өткізейік... Менің соңғы 10 қарсыласым химияда болды! Олардан шаршадым... Таза спортшылар маған қарсы 3 раунд та шыдамайды! Біреуі де! Осылай істеулеріңіз керек», - деп жазды Хамитов Instagram-да.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или