Бақытбек Хамит: ҰОК мектеп және жасөспірімдер спортын қолдауға дайын
Бүгін, 28-ші мамырда, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорт кешенінде «Olympic moves» спартакиадасы аяқталды. Қалалық финалда шағын футбол, баскетбол, волейбол, жеңіл атлетикадан үздіктер кім мықтыны анықтады. Елімізде тұнғыш рет ұйымдастырылып отырған «Olympic moves» бағдарламасының координаторы Бақытбек Хамит мырза жоба жайлы айтып берді..
- «Olympic moves» халықаралық жобасы осыған дейін сегіз елде жүзеге асырылған. Қазақстан аталмыш жобаға тоғызыншы болып тіркелді. Биыл пилоттық режимде Алматы мен Астана қалаларында ұйымдастырдық. Мектептер арасында, аудандық, қалалық жарыстар болды. Қалалық финалға екі командадан жіберуді жөн көрдік. Адам санының көп болуына байланысты, кеше алдын-ала финалдық жарыстар өтті.
Бүгін ҚазҰУ-де финалдық кезең жалғасын табуда. Ал Астанада 21-ші маусым күні өз мәресіне жеткен. Алматыда өте көп оқушылар бұл жарысқа қатысуға ниет білдірді. Аудандық жарыстардың өзінде 2200 бала сайысқа түссе, жалпы саны қалалық деңгейде 10 мыңнан астам мектеп оқушыларын құрады. Айта кететін жайт, Астанада қаласында қатысушылар саны 450-ге жетті.
Жарыстар мектептік кезеңнен бастап, қалалық финалға дейін барады. Қатысушылар бір күн ғана сайысқа түспейді. Бірнеше кезеңнен өте келе өзара мықтыны анықтайды. Алматыда жеңіл атлетика, баскетбол, волейбол спортынан ұлдар мен қыздар командалары сайысса, шағын футболдан тек қана қыздар арасында жарыс өтеді. Себебі «Кока Кола» компаниясының «Coca Cola – былғары доп» атты ер балалар арасындағы жарысы бар.
Бұл жоба – балаларды спортпен жүйелі айналысуға шақырады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жолдауына сәйкес, 2020-шы жылға дейін дене шынықтыру және спортпен айналысатын адамдар санын 30 пайызға жеткізу - басты міндетіміз. Ал бұл жоба жастарымызды салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелей келе елімізде бұқаралық спорттың дамуына өз үлесін қосады деген үміттемін.
Жоба сәтті шықты деп ойлаймын. Балалар бар ынтасымен осы жарыстарға қатысуға келді. ҰОК президенті Тимур Кулибаев айтқандай, біз үлкен спортты ғана емес, мектеп және жасөспірімдер спортын қолдауға дайынбыз», - деді Бақытбек Хамит.