«Ордабасы» қонақта жеңіске жетті
«Ордабасы» сырт алаңда көкшетаулық «Оқжетпеске» қонаққа барып, жеңіске жетті.
Командалар Қазақстан чемпионатының 14-туры аясында кездескен.
Бірінші таймда Нөсербаев пен Тұңғышбаев қонақтарды алға шығарды. Матчтың соңында Генков есеп айырмасын қысқартқанымен, алаң иелері таразы басын теңестіре алмады. Қорытынды есеп - 2:1.
Осы матчтан соң шымкенттік команда 29 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші сатыда тұр. Көкшетаулықтар болса, 11 ұпаймен 11-ші орында келеді.
«Оқжетпес» 1:2 «Ордабасы»
Оқжетпес: Стаменкович, Нейн, Хорват, Струков (Козлов 65), Федин, Недашковский, Юрин, Досмагамбетов, Марочкин, Волков, Шафф
Ордабасы: Нұрмұхаметов, Диакате, Гогуа (Гейнрих 72), Симчевич, Бочаров, Ковальчук, Фонтанелло, Нөсербаев, Нұрғалиев, Смақов, Тұңғышбаев
Голдар: Генков 90 - Нөсербаев 20, Тұңғышбаев 39
28 мамыр, Астана, «Астана-Арена»