«Арсенал» - Англия Кубогының иегері. Видео

«Арсенал» - Англия Кубогының иегері. Видео

Англия Кубогының финалында «Арсенал» мен «Челси» командалары кездесіп, алғашқысы жеңіске жетті.

Кездесудегі жеңіс голын Арон Рэмзи соқты. Оған дейін қос команда қатарынан Алексис Санчес пен Диего Коста голдармен алмасқан болатын.

Бұл «Арсеналдың» Англия Кубогындағы он үшінші жеңісі.

Биылғы маусымда «Арсенал» өзге турнирларда топ жара алмады. Тіпті ішкі біріншілікте де алғашқы төрттіктің қатарына ілінбей, соңғы жиырма жылда алғаш рет Чемпиондар лигасынсыз қалды.

Англия Кубогы

Финал

«Арсенал» – «Челси» – 2:1 (1:0)

Голдар: Санчес, 4 (1:0). Диегу Коста, 76 (1:1). Рэмси, 79 (2:1).

«Арсенал»: Оспина, Монреаль, Мертесакер, Холдинг, Бельерин, Джака, Рэмси, Окслейд-Чемберлен (Кокелен, 82), Санчес (Эль-Ненни, 90+3), Уэлбек (Жиру, 78), Езил.

«Челси»: Куртуа, Кэйхилл, Давид Луиз, Аспиликуэта, Мозес, Матич (Фабрегас, 61), Канте, Алонсо, Педро (Виллиан, 72), Диегу Коста (Батшуайи, 88), Азар.

Ескерту алғандар: Рэмси, 9. Холдинг, 53. Мозес, 57. Канте, 59. Джака, 81. Кокелен, 83.

Алаңнан қуылды: Мозес, 68.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или