Стеван Йоветич үшін талас басталды
«Севилья» ойыншысы Стеван Йоветич спорттық мансабын Франция жерінде жалғастыруы мүмкін. Corriere dello Sport басылымының хабарлауынша черногориялық ойыншыға «Марсель» клубы қызығушылық танытып отыр.
Стеван Йоветич испандық клубта жалда жүр. Ол миландық «Интер» ойыншысы саналады. Италияндық команда әзірге Йоветичтің болашағы жайлы тіс жармауда.<span> </span>
«Севилья» Йоветичті өз қатарларында сақтап қалғысы келеді. Ойыншы үшін 14 миллион еуро төлеуге де дайын. Алайда соңғы сөз «Интер» командасында екені сөссіз.<span> </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или