17 жасар бала «Ювентусқа» жеңіс әкелді
Италияның А сериясының соңғы турында күні бұрын чемпион атанып қойған «Ювентус» «Болонья» командасына қонаққа барып жеңіске жетті.
Кездесудегі алғашқы голды алаң қожайындары соқты. Қанжығасы майланған Таидер болатын. Аргентина құрамасының ойыншысы Дибала ойынның жетпісінші минутында есепті теңестірген. «Ювентус» командасына жеңіс алып келген голды ойын аяқталуға санаулы секундтар қалғанда 17 жасар Мойз Кин соқты. Бұл Мойз Кин үшін Италияның А сериясындағы «Ювентус» үшін алғашқы ойыны болатын
«Болонья» – «Ювентус» – 1:2 (0:0)
Голдар: Таидер 52 — Дибала 70, Кин 90+4
«Болонья»: Да Кошта, Мбайе, Торосидис, Гастальделло, Крафт (Петкович 75), Таидер, Вивиани, Пульгар (Надь 85), Крейчи (Масина 68), Дестро, Оквонкво.
«Ювентус»: Аудеро, Асамоа, Барцальи, Бенатиа, Лихтштайнер, Хедира (Манджукич 59), Маркизио (Пьянич 56), Стураро, Дибала (Кин 79), Куадрадо, Игуаин.
Ескерту алғандар: Вивиани 65.