Роналду түрмеден 6 миллион айыппұлмен қүтылды

Роналду түрмеден 6 миллион айыппұлмен қүтылды

«Реалдың» атақты шабуылшысы Испания қазынасына 6 миллион еуро төледі.

Бұл туралы Marca хабарлады. Таяуда Испанияның салық қызметі «Криштиану Роналду 2014 жылы тапқан €15 миллион табысынан мемлекетке тиісті төлемді төлемей, салықтан жалтарғанын» ділелдеді.

Осыған байланысты Роналду 5 жылға түрмеге түспеу және қомақты айыппұл төлемеу үшін испандардың талабын орындап, 6 миллион еуроны өз еркімен төлеп қойды.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или