Суарес Испания кубогының финалына қатыспайды

Суарес Испания кубогының финалына қатыспайды

«Барселона»  футбол клубының шабуылшысы Луис Суарес жарақатына байланысты Испания кубогының финалына қатыспайды.

Бұл туралы каталониялық клубтың баспасөз қызметі хабарлайды.

Уругвайлық шабуылшының оң аяғынан алған жарақатынан айығу үшін 2 аптаға жуық уақыт қажет екен.

Айта кетейік, Испания кубогының финалы 27 мамыр күні «Барселона» мен «Алавес» командалары арасында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или