Forbes 2017 жылғы ең көп ақша төленетін футболшыларды атады
<span>Forbes журналы құрастырған 2017 жылғы ең көп ақша төленетін футболшылардың тізімінде португалиялық Криштиану Роналду бірінші орында тұр. </span>
<span>Мадридтік «Реалдың» 32 жастағы шабуылшысы және Португалия құрамасының сапында Еуропа чемпионы атанған Роналду тізімде қатарынан төртінші рет бірінші орынды еншіледі. Басылымның бағалауы бойынша 2016 жылдың 1 маусымынан 2017 жылдың мамыры аралығында ойыншы 93 миллион доллар тапқан. Оның шамамен 58 миллионы - оның жалақысы клубтағы бонусы, ал қалғандары жарнамалық келісімшарттардан түскен. </span>
<span>Екінші орында - «Барселона» және Аргентина құрамасының ойыншысы Лионель Месси. Оның кірісі жылына 80 миллион долларды құрайды. Мұның 50 миллионы - жалақысы мен клубтағы бонустары. </span>
<span>Үшінші орын табысы 34 миллион долларға жеткен «Барселонаның» тағы бір ойыншысы бразилиялық Неймардың еншісіне тиді. </span>