«Ювентус» «Баварияның» қос ойыншысына көз тікті
«Бавария» ойыншылары Дуглас Коста мен Ренату Санчешке туриндік «Ювентус» клубы көз тігіп отыр, деп хабарлайды Corriere dello Sport.
Италияндық команда қос ойыншыны осы жазда қатарларына қосуды жоспарлап отыр. Ертеректе Коста мен Санчеш неміс клубындағы жағдайларына көңілдері ьолмайтындығы хабарланған болатын.
26 жасар Коста «Бавария» үшін 34 ойынға қатысып 7 гол соққан. Ал 19 жастағы Санчеш 25 ойынға қатысқан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или