Васильев сотталды
«Ақтөбе» футбол клубының бұрынғы бас директоры Дмитрий Васильев пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы директоры Ескендірбек Махановқа қатысты қылмыстық істің соты аяқталды.
№2 қалалық соты «Ақтөбе» клубын басқарған Васильевті сегіз жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Ресейлік спорт менеджері сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденгені үшін құрықталған.
Ал Есендірбек Маханов «Лауазымын асыра пайдаланғаны» үшін 7 жылға темір торға қамалды.
Ертеректе Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қылмыстық іс бойынша кінәлілер жазасын алатынын айтқан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или