МЮ-дің 8 ойыншысы ЕЛ-ның символикалық құрамына енді
УЕФА Еуропа лигасының символикалық құрамын жасады. Турнирдің жеңімпазы «Манчестер Юнайтед» командасынан құрамаға сегіз ойыншы енді.
Еуропа лигасының символикалық құрамы:
Қақпашылар: Серхио Альварес («Сельта»), Серхио Ромеро («Манчестер Юнайтед»);
Қорғаушылар: Эрик Байи («Манчестер Юнайтед»), Густаво Кабрал («Сельта»), Жереми Морель («Лион»), Матийс де Лигт («Аякс»), Дейли Блинд («Манчестер Юнайтед»), Антонио Валенсия («Манчестер Юнайтед»);
Жартылай қорғаушылар: Пабло Эрнандес («Сельта»), Андер Эррера («Манчестер Юнайтед»), Поль Погба («Манчестер Юнайтед»), Юри Тилеманс («Андерлехт», «Монако» клубына ауысып үлгерді), Корентин Толиссо («Лион»), Генрих Мхитарян («Манчестер Юнайтед»), Амин Юнес («Аякс»);
Шабуылшылар: Златан Ибрагимович («Манчестер Юнайтед»), Александр Ляказетт («Лион»), Бертран Траоре («Аякс»).