Луис Суарес жарақат алды
«Барселонаның» шабуылшысы Луис Суарес жарақатына байланысты 15 күн жасыл алаңға шықпайды.
Каталондық клубтың ресми сайтының хабарлауынша, уругвайлық футболшы таңертеңгі жаттығуда оң жақ белінің бұлшықетін созып алды.
Осы маусымда «Барселона» сапында Суарес 51 ойында 37 гол соқты.
Естеріңізге салайық, бұған дейін жарақатына байланысты тағы бір каталниялық футболшы Серхио Роберто Испания кубогының ойынына қатыспайтыны айтылған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или