Моуриньо – Еуропа лигасын жеңген ең егде бапкер

Моуриньо – Еуропа лигасын жеңген ең егде бапкер

Англиялық «Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері Жозе Моуриньо Еуропа лигасын жеңіп алған ең егде бапкер атанды.

Кеше МЮ финалда «Аяксты» 2:0 есебімен жеңген болатын. Сол сәтте Моуриньо 54 жаста болды.

Бұған дейін Еуропа лигасында топ жарған ең егде бапкер атағы испаниялық Рафаэль Бенитесте болған. Ол 2013 жылы «Челсимен» бірге жеңіске жеткенде 53 жаста еді.

Сонымен қатар, Моуриньо Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы/УЕФА Кубогын екі реттен жеңіп алған алғашқы бапкер атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или