Хижниченко командасын жеңілістен құтқарып қалды
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Сергей Хижниченко Белорусь чемпионатының 10-шы турында солигорскілік «Шахтерді» жеңілістен құтқарып қалды.
Ойын Минскіде жергілікті «Динамоға» қарсы өткен. Матч 2:2 есебімен аяқталды. «Шахтер» бір доп айырмашылығымен жеңіліп жатқан. Ойынның 94-минутында Сергей Хижниченко гол соғып, командасына бір ұпай сыйлады.
Айта кетейік, қазақстандық шабуылшы алаңға 66-минутта шыққан болатын. Бұл Сергейдің чемпионаттағы екінші голы.
10-шы турдан соң «Шахтер» 23 ұпаймен Белорусь чемпионатында көш бастап келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или