«Манчестер Юнайтед» - Еуропа лигасының жеңімпазы

«Манчестер Юнайтед» - Еуропа лигасының жеңімпазы

УЕФА Еуропа лигасының финалында голландиялық «Аякс» пен англиялық «Манчестер Юнайтед» кездескен.

Стокгольмдегі «Френдс-Аренада» номиналды қонақтар жеңіске жетті.

Ойынның 18-ші минутында Поль Погба айып алаңына енер тұста жерлете соққы жасаған. Доп жолай қорғаушыға тиіп, бағытын өзгертті. «Аякс» қақпашысы мұндайды күтпесе керек, допты өз қақпасына өткізіп алды. 1:0 – МЮ алда.

Ойында шабуылдар көп бола қойған жоқ. Бірақ манчестерлік команда өздерінде бар мүмкіндіктерді мүлт жібермеді.

Екінші тайм «қызыл сойқандар» үшін сәтті басталды. 48-минутта Генрих Мхитарян есепті еселеді. 2:0 – «Манчестер Юнайтед» маусымды жеңіспен аяқтады.

Енді Еуропа лигасының жеңімпаздары келесі маусымда Чемпиондар лигасында өнер көрсету мүмкіндігін алды.

«Аякс» - «Манчестер Юнайтед» 0:2 (0:1)

Голдар: 0:1 – Погба 18, 0:2 – Мхитарян 48

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или