Масудов: Байжановты құрамаға шақырту керек
«Ақжайықтың» бас бапкері Вахид Масудов құраманың жартылай қорғаушысы Мақсат Байжановтың қатысуымен болған жанжал жайлы пікірін айтты.
«Мақсатқа мұндай оқиғаларға топ болу жараспайды. Әрине, өзіңді өзің ұстауың керек. Бірақ оның қолынан мұндай келеді дегенге әлі де сене алмаймын. Футболшы үшін бұл ауыр жағдай, бірден аластап қалады. Байжановты жақсы танимын ғой. Мақсатты ашуландыру үшін не істеу керегін білмеймін.
Мақсат ел алдында жүрген адам. Мұндай жағдайларға тап болса, ешкім маңдайынан сипамайтынын жақсы біледі. Оны ақтап жатқан жоқпын. Бірақ жағдайды толық түсіну қажет.
Ал оның құрамадағы орнына келер болсақ. Ұлттық командада таңдау көп емес. Сөзсіз, оны шақырту керек. Үйде жатып, қиналғаннан не табады? Құрамаға көмектесе алар еді», - деді Масудов.