ҚР кубогы. «Қайрат» «Ордабасымен» тең түсті

ҚР кубогы. «Қайрат»  «Ордабасымен» тең түсті

ҚР кубогының жартылай финалының алғашқы матчында «Қайрат» сырт алаңда «Ордабасымен» кездесу өткізді.

Қонақтар фаворит саналғанмен, алаң иелері де жеңісті оңай бермейтінін көрсетті. Алматылықтардың шабуылын «Ордабасы» қорғаушылары залалсыздандырып, қарымта шабуылдарда қауіп төндірді. Бірнеше рет Гейнрих қақпашымен бетпе-бет қалып, соңғы соққыны жасап үлгермеді. Шымкенттік клуб сапынан Ковальчук айып алаңының сыртынан соққы бағыттап, қақпа маңдайшасына тигізді. Оған қонақтар Иличевичтің соққысымен жауап берді. Алғашқы таймда есеп ашылмады.

Екінші таймда «Қайрат» бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Бірақ одан нәтиже шыға қоймады. Тұрысбек пен Иличевичтің соққысы Бекбаевқа қиындық тудырмады. 55-ші минутта Тұрысбек гол соққан еді, дегенмен қапталдағы төреші жалаушасын көтеріп, шабуылшының ойыннан тыс қалғанын көрсетті. Ойынның 71-ші минутында Ахметов екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды. Қорытынды есеп - 0:0. Командалар алғашқы матчта тең түсті. 

ҚР кубогы-2017. Жартылай финал. Бірінші ойын.

«Ордабасы» - «Қайрат» - 0:0

Алаңнан қуылды: Елдос Ахметов

Фото: «Қайрат» ФК баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или