Максимович Еуропа чемпионатына қатысады

Максимович Еуропа чемпионатына қатысады

«Астананың» жартылай қорғаушысы Неманья Максимович Сербия жастар құрамасы сапында 2017 жылғы Еуропа чемпионатының негізгі кезеңіне қатысады. Бұл туралы Сербия футбол федерациясының ресми сайты хабарлады.

ЕУРО-2017 16-30 маусым арасында Польшда өтеді. Сербия құрамасы В тобында Португалия, Испания және Македония командаларымен кездеседі.

Айта кетейік, 22 жастағы хавбек қаңтарда испаниялық «Валенсиямен» келісім-шартқа отырған болатын. Бірақ бұл клубқа Неманья жазда ауысады. Ал әзірше «Астана» ойыншысы ретінде тіркелген.

2015 жылы «Астанаға» словениялық «Домжаледен» ауысқан болатын. 19 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының, 20 жасқа дейінгі әлем чемпионатының жеңімпазы саналады. Қазақстан біріншілігінде екі рет топ жарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или