Аспиликуэта Джон Терридің жетістігін қайталады

Аспиликуэта  Джон Терридің жетістігін қайталады

«Челси» қорғаушысы Сезар Аспиликуэта осыған дейін АПЛ тарихында үш-ақ ойыншының қолынан келген жетістікті қайталады.

27 жасар испандық ойыншы АПЛ-дың 38 турындағы барлық ойынға қатысып, ешбір кездесуде ойын аяқталмайынша алаңнан кетпеген.

Бұған дейін бұл жетістікке Гари Паллистер («Манчестер Юнайтед», 1992/93), Джон Терри («Челси», 2014/15) және Уэс Морган («Лестер Сити», 2015/16) сынды ойыншылар ғана қол жеткізген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или