«Реал» - Испания чемпионатының 33 дүркін чемпионы

«Реал» - Испания чемпионатының 33 дүркін чемпионы

Испания чемпионатының 38-ші турында «Малага» клубы «патшалық» командамен күш сынасты. Мадридтік клуб жанкүйерлері командасының Испания чемпионатында топ жаруын төрт жыл бойы күткен еді.

«Реал» клубына чемпион атану үшін бір ұпай да жеткілікті еді. Алайда «патшалық» клуб тең есепті қанағат етпей, қарсыласын тізе бүктірді. Кездесудің алғашқы минуттарында Криштиану Роналду командасын алға шығарып, чемпиондық аттақа бір қадам жақындатты.

Екінші таймда Зинедин Зидан шәкірттері есепті еселеп, биылғы чемпиондық мәселесіне нүкте қойды. Гол авторы франциялық Кәрім Бензема.

«Малага» - «Реал» 0:2(0:1) «Ла Росаледа» стадионы

«Малага»: Камени, Рикка, Микель, Луис Эрнандес, Мигель Торрес, Камачо, Ресио, Хони (Дуда), Форнальс, Кеко(Кастро), Сандро Рамирес (Шарлес).

«Реал»: Навас, Рамос, Варан, Данило, Марсело, Каземиро (Ковачич), Кроос, Иско (Хамес), Модрич, Бензема (Мората), Роналду.

Голдар: Роналду (2), Бензема (55)

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или