Георгий Кичигин: Қазақстанда ММА өте қарқынды дамып келеді

Георгий Кичигин: Қазақстанда ММА өте қарқынды дамып келеді

Қазақстандық ММА файтері Георгий Кичигин Астанада өткен Fight Nights турнирі туралы айтып берді.  

- Жекпе-жек өте тартысты өрбіді. Тіземен бағыттаған соққылардың арқасында жеңіске жеттім деп ойлаймын. Fight Nights чемпиондық белбеуін Қазақстанға әкелгеніме өте қуаныштымын. Келесі кездесуімді қыркүйекте Алматыда өткізгім келеді. Жалпы Қазақстанда ММА өте қарқынды дамып келеді. Алдағы уақытта әлемдік деңгейге шығамыз. Алға, Қазақстан!, - деді Кичигин.

Естеріңізге сала кетсек, Астанада өткен FNG 65 турнирінде Георгий Кичигин ресейлік Гаджимурад Хирамагомедовты ұпай шешімімен ұтты.   

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или