Мюнхендік «Бавария» «Реалдың» жартылай қорғаушысы Хамес Родригеспен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды колумбиялық радио.
Ақпарат көзіне сүйенсек, «Манчестер Юнайтед» футболшыны алудан айнып қалған. Ал Хаместің агенті Жорже Мендеш «Бавария» өкілдерімен кездесу өткізген.
Мадритік клуб басшылары ойыншы үшін € 75 млн алуды көздеп отыр.